Accessibility links

Мәсімов Үндістанмен байланысты нығайту қадамдарын ұсынды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Үндістан бизнес форумында Делимен ынтымақтастықты арттырудың бірнеше қадамын ұсынды.

- Біріншіден, біз Үндістаннан Қазақстанға тартылатын инвестицияны көбейтеміз. Біз бүгін Үндістанмен маңызды келісімге қол қойдық. Бұған қоса біз ауыл шаруашылығы, ақпарат, коммуникациялық технология, мұнай химиясы мен басқа да салалардағы жобаларды қолдауға дайынбыз, - деді Кәрім Мәсімов.

Мәсімовтің сөзінше, екіншіден Қазақстан Үндістанмен білім беру саласындағы ынтымақтастықты жақсартуға мүдделі. Ол Үндістанның технология саласындағы беделді институттары өте танымал екенін де айтады.

- Үшіншіден біз Еуразия экономикалық одағына Үндістанның да қатысқанын қалаймыз. Мұндай ұсыныс білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Төртіншіден, біз екі ел арасында халықаралық жобаларды қолдау үшін халықаралық комитет құруды қолдаймыз, - деді Кәрім Мәсімов.

Үндістан премьері Қазақстанға бүгін ресми сапармен келген.

XS
SM
MD
LG