Accessibility links

Ресей Армениядағы әскері дайындығын тексермек


Ресейдің Арменияның Гюмри қаласындағы базасында тұрған зымырандары. (Көрнекі сурет).
Ресейдің Арменияның Гюмри қаласындағы базасында тұрған зымырандары. (Көрнекі сурет).

Ресей Арменияда орналасқан әскерилерінің ұрысқа дайындығын аяқ асты тексеретін болды.

Ресейдің оңтүстік әскери өңірлік басқармасы 7 шілдеде "Комиссия Эребуниде орналасқан әуе күштері кезекші әскерінің дайындығын және Гюмридегі әскери базаның тапсырманы орындауға дайындығын тексереді" деп хабарлады.

Әскери жаттығулар Камхуд полигоны мен Арменияның солтүстігіндегі Алагяз елді мекенінде өтеді.

Ресей әскерилерінің дайындығын тексеру Ереванда Ресей иелігіндегі энергетикалық компанияның электр қуаты бағасын қымбаттатуына армениялықтардың екі апта бойы қарсылық танытуынан кейін басталайын деп тұр.

Украинадағы дағдарысқа байланысты Мәскеудің батыс елдерімен байланысы қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бері болмаған деңгейде шиеленісіп кеткен соң Ресей армиясы таяуда әскери дайындығын күшейтіп, бірнеше әскери жаттығулар өткізген.

XS
SM
MD
LG