Accessibility links

Үндістан ЕЭО-мен еркін сауда жүргізуді қарастырмақ


Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди.

Үндістан Еуразия экономикалық одағымен еркін сауда туралы келісімге келу мәселесін қарастыруды бастады. Бұл туралы Қазақстанда ресми сапармен жүрген Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мәлімдеді.

"Еуразия экономикалық одағы Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізіндегі бәсекелестікті арттырып, Үндістан мен Еуразияның қалған бөлігіне байланыстыруға мүмкіндік береді",- деді Нарендро Моди Назарбаев университетінде оқыған дәрісінде.

Ал Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үндiстанды ЕЭО-мен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды.

Үндістан премьер-министрі Қазақстанға ресми сапары сейсенбіде басталған.

XS
SM
MD
LG