Accessibility links

Бакуде Сириядағы соғысқа қатысты делінген 6 адам сотталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

7 шілдеде Баку соты бірнеше адамды Сириядағы соғыс әрекеттеріне қатысты деген айыппен ұзақ жылға соттады.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің мәлімдеуінше, айыпталған алты адамның төртеуі - 15 жылға, екеуі 14 жылға сотталған.

Оларға "заңсыз қару-жарақ сақтау, шетелдегі заңсыз әскери іс-әрекеттерге қатысты" деген айып тағылған. Сотталғандар өз кінәларын мойындамай, сот процесі кезінде түсінік беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG