Accessibility links

Жазғы универсиада-2015: Қазақстан стенд атудан қола алды


Кванджу универсиадасының талисманы

Кванджу универсиадасының талисманы

Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында стенд атудан Қазақстан қыздар құрамасы қола медаль иеленді.

Құрамында Әсем Орынбай, Ангелина Мищук және Жания Айдарханова ойнайтын Қазақстан құрамасы 191 ұпаймен үшінші орын алды. Алтын мен күмісті Чехия (195) мен Ресей (193) жеңді.

Универсиадаға 95 спортшымен қатысып жатқан Қазақстанда әзірге бір алтын, екі қола медаль бар. Осыған дейін жүзуден Дмитрий Баландин - алтын, дзю-додан Жанар Қашқын қола медаль алған.

Кванджудағы универсиада шілденің 14-і күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG