Accessibility links

Астана мен Дели бірнеше келісімге қол қойды


Үндістан премьер министрі Нарендра Моди (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы кездесуде. 8 шілде 2015 жыл
Үндістан премьер министрі Нарендра Моди (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы кездесуде. 8 шілде 2015 жыл

Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Қазақстанға екі күндік сапары кезінде Астана мен Дели арасында бірнеше құжатқа қол қойылды.

Астана мен Дели қорғаныс саласы мен әскери-техникалық саласындағы келісім шартты бекітті. Ал Қазақстан бас прокуратурасы мен Үндістан сыртқы істер министрлігі екі елдің әр ел аумағында ұсталған немесе сотталған азаматтарын беру туралы келісімге қол қойған.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы мен Үндістан теміржол министрлігі екі жақты байланыс орнату келісімін жасасып, Қазақстан спорт және мәдениет министрлігі мен Үндістан спорт және жастар министрлігі спорт және дене шынықтыру саласындағы келісімді мақұлдады.

Нарендра Моди бастаған Үндістан делегациясының Астанаға сапары бүгін аяқталады.

XS
SM
MD
LG