Accessibility links

Ауған билігі мен Талибан келіссөзі жалғасады


Ауғанстан билігі өкілдері мен "Талибан" қозғалысының мүшелері 7 шілде күні Пәкістанда өткен арнайы жиында бейбітшілік орнату бағытындағы келіссөздерді жалғастыра беруге уағдаласқан. Бұл туралы бүгін Пәкістан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Азаттықтың Ауған қызметінің хабарлауынша, келіссөздер жүргізуге Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хекмет Халил Карзай, "Талибан" қозғалысының өкілі Мулла Джалил, Қытай мен АҚШ өкілдері қатысқан.

Осы мәселеге байланысты келесі отырыс мұсылмандардың Рамазан айынан кейін жалғасады. Ауғанстан мен "Талибан" қозғалысы арасындағы осыған дейін өткен бірнеше кездесуден нәтиже шықпаған.

XS
SM
MD
LG