Accessibility links

Голышкинді қамау мерзімі бір айға ұзарды


Павлодар облыстық «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин.

Павлодар облыстық «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин.

Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы, «ақша бопсалады» деген күдікпен ұсталған Ярослав Голышкинді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған Павлодар қаласының №2 сотының өкілі Гүлсім Ахтаеваның айтуынша, Голышкин енді тамыздың 14-іне дейін қамауда болады.

38 жастағы Ярослав Голышкин мамырдың 14-і күні алдымен үш күнге, кейін 16 мамыр күні Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен «Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша талап ету ісі» бойынша екі айға қамауға алынған.

Журналистің әріптестерінің сөзінше, оның қамалуы Павлодарда ақпан
айында шыққан, «облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың ұлы қыз зорлады» деген сыбысқа қатысты. Бұл ақпарат ресми түрде расталмаған соң, Ярослав Голышкин журналистік зерттеу жасап, зорлық оқиғасына қатысы болды делінген қызбен сұхбаттасып, оны видеоға түсірген. Журналиске мәлімет жинауға көмектескен адамдар кейін Қанат Бозымбаевтан "ақша талап еткені" хабарланған. Бопсалауға қатысты қылмыстық іс қозғалып, әуелі журналист бұл істе куәгер ретінде, кейін күдікті ретінде танылған.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG