Accessibility links

Малала Юсуфзай мен Наваз Шариф Ослода кезедсті


Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай. Осло, 7 шілде 2015 жыл.
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай. Осло, 7 шілде 2015 жыл.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф пен бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай бүгін Ослода бірінші рет кездесті. Наваз Шариф пен Юсуфзай Ослода өткен БҰҰ-ның білім мәселелері жөніндегі жазғы саммитінен кейін кездесіп отыр.

17 жастағы белсенді, пәкістандық қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін 2012 жылы Пәкістанда "Талибан" жасақтары қастандығынан аман қалған Малала Шарифтің өзіне егер Пәкістанға сапарлап келсе қолдау көрсететінін айтқанын хабарлады. Малаланың кездесуден кейін хабарлауынша, Шариф Пәкістанның ол үшін "әрқашан ашық екенін" айтқан.

Малала оған "Пәкістанға оралып, ондағы адамдарға көмектесуді парызым санаймын" деп жауап қайтарған. Малала Юсуфзай бұған қоса Шарифпен кездесуінде Пәкістандағы білім жүйесі, балалар еңбегі және балаларды зорлықпен үйлендіру жайы талқылағанын айтты.

Малала Юсуфзай қастандықтан аман қалған соң Ұлыбританияда емделіп, содан бері сол елде тұрып келеді.

Малал Юсуфзай 12 шілдеде 18 жасқа толады.

XS
SM
MD
LG