Accessibility links

Қазақстан армиясы әскери дайындыққа келтірілді


Алматы облысында "Дала қыраны" халықаралық тактикалық әскери жаттығуына қатысып жүрген қазақстандық әскерилер. Сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы облысында "Дала қыраны" халықаралық тактикалық әскери жаттығуына қатысып жүрген қазақстандық әскерилер. Сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан қарулы күштері бүгін жоғары дайындық деңгейіне келтірілді деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. Министрлік баспасөз қызметінің ақпаратында әскери дайындық қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің жоспары бойынша ұрысқа дайындықты "кенеттен тексеру" тұрғысында жүргізілгені айтылады.

Министрлік мәліметінше, оқу дабылы белгісі бойынша министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімдерінің барлық құрамы, өңірлік қолбасшылық әскері, қарулы күштердің барлық түрі дайындыққа келтірілген. Құрлықтағы әскер бөлімдері оқу орталықтары мен полигондарда әскери оқу тапсырмаларын орындауға кірісіп, әуе қорғанысы күштерінің кезекшілік атқаратын әскери ұшақтары әуеге көтерілген. Түрлі типтегі әуе техникалары да әуеге көтеріліп, запастағы аэродромдар пайдалану үшін дайындыққа келтірілген. Кемеге қарсы, әуе шабуылдарынан және су асты шабуылынан, диверсиялық әрекеттен қорғаныс тапсырмаларын орындау үшін теңізге әскери-теңіз күштерінің кемелері түсірілген.

Министрлік тексеру басқару органдары мен жеке құрамдар іс-әрекетін "барынша жөнге келтіру үшін" жүргізілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG