Accessibility links

Ресей парламенті: Шетелдік 12 ҮЕҰ-ны тексеру керек


Ресей федерация кеңесі. (Көрнекі сурет).

Ресей федерация кеңесі. (Көрнекі сурет).

Ресей Федерация кеңесі бас прокуратураға, сыртқы істер министрлігі мен әділет министрлігіне Ресейде жұмыс істейтін 12 шетелдік үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қызметін мұқият тексеруді сұрады. Федерация кеңесі құзыретті органдар бұл ұйымдар қызметінің Ресей заңдарына қаншалықты сай екенін анықтау қажет дейді.

Федерация кеңесі қызметін тексеру қажет деген 12 ұйымның көпшілігінің АҚШ-пен әйтеуір бір байланысы бар. Бұл ұйымдар қатарында миллиардер әрі филантроп Джордж Сорос құрған бірқатар ұйым, оның ішінде "Ашық қоғам", Демократияны қолдау ұлттық қоры, Халықаралық республикалық институт, Халықаралық істер ұлттық демократиялық институты, Макартуров қоры, Чарльз Стюарт Мотт қоры және "Білім беру - демократия үшін" қоры бар. Тексеруге ұсынылған ҮЕҰ тізімінде бұларға қоса Шығыс Еуропа демократия орталығы, Украина дүниежүзілік конгресі, Украина дүниежүзілік үйлестіру кеңесі мен Адам құқықтары жөніндегі Қырым дала миссиясы бар.

Ресейлік депутаттар бұл ҮЕҰ-лардың Ресейдегі іс-әрекеті елдің ішкі саяси жағдайына "ықпал етуді көздейді" дейді.

XS
SM
MD
LG