Accessibility links

ІІД: ШҚО-да төбелестен ондаған жұмысшы зардап шекті


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында бүгін "Қазақмыс" компаниясының тау-кен байыту комбинатында жұмысшылар арасында жаппай төбелес болып, 31 адам зардап шекті деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) таратқан ақпаратқа қарағанда, төбелестен 31 адам зардап шегіп, оның 21-і Аягөз бен Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілген. ІІД мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендер арасында қазақстандық жұмысшылардан өзге Қытай азаматтары да бар. "Комбинат асханасында тамақтану кезінде жұмысшылардың бірінің тамақ сапасына көңілі толмай, асханашыға дене жарақатын салуынан жұмысшылар арасында төбелес шыққан" делінеді ресми ақпаратта.

Төбелесті оқиға орнына жеткен полиция күші тоқтатқан. Полиция дене жарақатын салу мен төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.​

ІІД комбинатқа тәртіпті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қосымша күші жіберілгенін, қазір ондағы жағдай "тұрақты, бақылауда" екенін айтады.

XS
SM
MD
LG