Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанмен арадағы кедендік тексерісті тоқтатады


Қырғыз-қазақ шекарасы.

Қырғыз-қазақ шекарасы.

Қырғызстан кеден қызметі өз сайтында қазақ-қырғыз шекарасындағы барлық кедендік тексерістерді жоятын шараларды аяқтағанын мәлімдеді.

Биыл 8 мамырда Мәскеуде өткен Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения президенттері Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕЭО) мүшелік шарттарын орындағаны туралы соңғы құжаттарға қол қойып, ресми түрде одаққа кірген еді.

Ал 1 шілдеде Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Қырғызстанның ЕЭО-ға мүшелікке өті келісім-шартын ратификациялады.

XS
SM
MD
LG