Accessibility links

Беларусь ШЫҰ-ға бақылаушы болады


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Беларусь президенті Александр Лукашенконың Уфадағы кездесуі. 8 шілде 2015 жыл
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Беларусь президенті Александр Лукашенконың Уфадағы кездесуі. 8 шілде 2015 жыл

Беларусь Шанхай ынтмақтастық ұйымына (ШЫҰ) бақылаушы болады.

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенконың Уфада өткен кездесуінен кейін мәлім болды.

ШЫҰ-ға Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Ал Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан және Ауғанстан бақылаушы елдер қатарында. Беларусь соңғы бес жыл бойы ұйымның келіссөздер жөніндегі серіктесі болған.

8 шілдеде ШЫҰ мен БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) бірлестігіне кіретін елдер басшыларының саммиті басталды. Биыл екі ұйымға да Ресей төрағалық жасайды.

БРИКС елдері басшыларының жабық түрде өтетін кездесуінде Украинадағы қақтығыс пен Грекиядағы қаржылық дағдарыс және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы тарапынан төнетін қауіп талқыланбақ.

ШЫҰ саммитінде ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістанның қабылдану процесі басталады деген болжам бар.

Қос ұйым мемлекет басшыларының саммиті шілденің 10-ына дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG