Accessibility links

Грекия банктері бір аптаға жабылды


Афинадағы ұлттық банктің есігін қағып тұрған адам. 7 шілде 2015 жыл.

Афинадағы ұлттық банктің есігін қағып тұрған адам. 7 шілде 2015 жыл.

Грекия қаржы министрлігі елдегі банктер 13 шілдеге дейін жабық болатынын мәлімдеді.

29 маусымда қабылданған "халық банктен күніне 60 евродан ғана алады" деген шешім күшінде қалды.

8 шілде күні Грекия премьер министрі Алексис Ципрас 9 шілдеге дейін экономикалық реформаларға қатысты нақты ұсыныстарын беруге уәде еткен еді. Ал Еуропа елдерінің басшылары Грекия Ципрасқа елді қаржылық дағдарыстан құтқару реформасын жасауға соңғы мүмкіндік беріп, реформа ұсыну уақытын 12 шілдеге дейін созған.

XS
SM
MD
LG