Accessibility links

Қазақстандық жас әншілер "Славян базарына" қатысады


Президент Беларус президенті Александр Лукашенко "Славянский базар" конкурсының сахнасында сөйлеп тұр. 10 шілде 2014 жыл.

Президент Беларус президенті Александр Лукашенко "Славянский базар" конкурсының сахнасында сөйлеп тұр. 10 шілде 2014 жыл.

Бүгін Беларусьтің Витебск қаласында «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі басталады. Конкурсқа Әзербайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Қазақстан, Мексика, Польша, Ресей, Литва, Македония, Польша, Сербия, Чехия, Эстония, Украина және Румыния сынды елдерден барлығы 21 жас орындаушы қатыспақ.

Қазақстан атынан ақтөбелік әнші, қазір Астанадағы өнер академиясында оқитын Димаш Құдайберген сахнаға шығады.

Ережеге сай алдымен жартылай финал өтіп, одан жоғары ұпай жинаған 15 әнші финалға өтеді. Конкурстың бас жүлдесі – 20 мың доллар. Финал 13 шілдеге жоспарланған.

Сонымен бірге фестиваль аясында өтетін «Витебск-2015» халықаралық балалар музыкалық байқауында Қазақстан атынан 10 жастағы Луиза Нұрқуатова өнер көрсетеді.

«Славян базары» халықаралық өнер фестивалі 1992 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG