Accessibility links

Тасбұлақтың екі тұрғынына айыппұл салынды


Ақсай балалар ауруханасына тиесілі қоршауды алып тастауды талап еткен Тасбұлақ ауылы тұрғындары полиция қызметкерлерімен сөйлесіп тұр. 8 шілде 2015 жыл.
Ақсай балалар ауруханасына тиесілі қоршауды алып тастауды талап еткен Тасбұлақ ауылы тұрғындары полиция қызметкерлерімен сөйлесіп тұр. 8 шілде 2015 жыл.

Алматының Наурызбай ауданы Тастыбұлақ ықшам ауданындағы Ақсай ауруханасының алдында сәрсенбі күні болған наразылық акциясына қатысқан екі тұрғынға айыппұл салынды.

Серік Қазақпаев пен Сайлау Лепесовтың айтуынша, сот оларға «ұсақ бұзақылық жасаған» деген айып тағып, 10 айлық көрсеткіш есебінде (шамамен 106 доллар) айыппұл салған.

Алматы қалалық әкімшілік сотының өкілдері Азаттыққа бұл шешімді судья Руслан Жамалбеков шығарғанын айтты.

Шілденің 8-і күні Ақсай ауруханасы маңына жиналған Наурызбай ауданында тұратын ондаған тұрғын аурухананың жаяу жүргіншілер жолына кіретін аумақты қоршап алғанына наразылық білдірген еді. Наразылар дуалды бұзуға әрекет жасаған.

XS
SM
MD
LG