Accessibility links

Алматы: наразылық шарасы полиция алдында жалғасты


«Халық банк» өкілдері банкке проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы талаппен келген борышкерлермен кездесіп тұр. Алматы, 9 шілде 2015 жыл.
«Халық банк» өкілдері банкке проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы талаппен келген борышкерлермен кездесіп тұр. Алматы, 9 шілде 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы "Халық банк" алдында басталған борышкерлер акциясы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы алдында жалғасты.

Борышкерлер банк алдындағы наразылық шарасы кезінде ұсталған бірнеше адам мен "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Сұлубике Жақсылықованы босатуды талап етті.

Борышкерлер қамалғандарды босатпайынша тарамайтындарын, қарсылық ретінде басқармаға жақын жолдардың бірін жабатынын айтты.

XS
SM
MD
LG