Accessibility links

Сенат ЕЭО-ға Қырғызстан мүшелігін мақұлдады


Астанадағы парламент сенаты ғимараты.

Астанадағы парламент сенаты ғимараты.

Қазақстан парламенті сенатының депутаттары Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО немесе ЕЭО) кіру туралы келісім-шартты ратификациялады.

Бұған дейін шілденің 1-і күні Қазақстан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұсынған жобаны қараған мәжіліс Қырғызстанның ЕЭО-ға мүше болу шарттарымен келісіп, мақұлдаған.

Қырғызстан биыл мамыр айында ЕЭО-ға кіру жөніндегі барлық процедураларын аяқтап, одаққа кіру туралы келісімді Қырғызстан парламенті мақұлдап, ел президенті қол қойған.

ЕЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG