Accessibility links

Сенат зейнетақы туралы заңға өзгерісті мақұлдады


Сенат ғимараты

Сенат ғимараты

Парламент сенаты бүгін алғашқы оқылымда зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді мақұлдап, қол қоюға президентке жіберді.

Заң жобасында базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа ережесі ұсынылған. Ол бойынша, 2017 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері «зейнеткерлік жасқа жеткен кездегі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталмақ».

Заң жобасында бұған қоса зейнетақы жүйесінің «жұмыс берушінің қосымша міндетті бес пайыздық зейнетақы жарнасы» есебінен жаңа шартты жинақтаушы компонентін құру да қарастырылған. Бұл жарналық төлемдер азаматтың меншігі болмайды. Ол әрбір жұмысшының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ашылған шартты зейнетақы шотында тіркеліп отырады.

Құжатта бұған қоса келесі жылдан бастап барлық күштік құрылымдар қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге көшіру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG