Accessibility links

Армения Ресей иелігіндегі электр компаниясына айыппұл салды


Армениядағы электр қуаты бағасының қымбаттауына қарсылық шарасы. Ереван, 29 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Армениядағы электр қуаты бағасының қымбаттауына қарсылық шарасы. Ереван, 29 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Армения Ресей иелігіндегі "Армения электр желілері" компаниясын тұтынушылар құқықтарын бұзды деп айыптап, 126 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды.

Арменияның Қоғамдық қызмет көрсетуді реттеу комиссиясы мұндай шешімді "Армения электр желілері" компаниясының 2015 жылдың басында азаматтардан жаңа салынған үйлері мен пәтерлеріне электр қуатын қосу үшін алдын-ала төлем жасауды талап еткеніне байланысты шығарып отыр.

Маусымның ортасында Ереванда және өзге де қалаларда мыңдаған адам "Армения электр желілері" компаниясының тамыздан бастап электр қуаты бағасын 16 пайызға қымбаттататынына қарсылық танытқан. Наразылар бірнеше күн бойы қаланың орталық Баграмян даңғылын басып алып, баррикадалар орнатқан. Демонстранттар компанияның ресейлік басшыларының "заңсыз басқаруы салдарынан" өздерін Ресей коррупциясы мен олигархтарының құрбаны болып отырмыз деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG