Accessibility links

Ресей: Ираннан қару-жарақ эмбаргосы алынған жөн


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Уфа, 9 шілде 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Уфа, 9 шілде 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 9 шілдеде, Мәскеу Иранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасау келіссөзі өтіп жатқан тұста, БҰҰ-ның Иранға қарсы салған қару-жарақ эмбаргосының "мүмкіндігінше жылдам алынып тасталғанын" қалайтынын мәлімдеді.

Лавров келісім жасауда "еңсерілмейтін кедергі жоғын" айтып, бірақ "келісім сапасы уақытқа тәуелді емесін" білдірген.

9 шілдеде Лавровтан ертерек оның орынбасары Сергей Рябков Иран мен әлемдік алты держава арасындағы ядролық мәселеге қатысты келіссөз "ең күрделі кезеңге тірелгенін" мәлімдеген.

Уфада өтіп жатқан БРИКС бірлестігі елдері саммиті аясында сөйлеген Рябков алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия Иранның түпкілікті келісім жасауға ұсынған шарттарын қарап жатқанын айтқан. Иран мен алты мемлекет бұған дейін түпкілікті келісім жасау мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартқан.

Иран 8 шілдеде келіссөздегі даулы мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ұсынғанын хабарлаған. Бірақ батыс елдері Тегеранның ол ұсыныстарынан бұрынғыдан жаңа ешнәрсе жоғын білдірген.

АҚШ президенті Барак Обама 8 шілдеде америкалық конгресс мүшелеріне келіссөз сәтті болды деген жағдайдың өзінде келісім жасауға 50 пайыз мүмкіндік барын айтқан.

XS
SM
MD
LG