Accessibility links

Виктория Зябкина - универсиада чемпионы


Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина (сол жақта).

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина (сол жақта).

Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында қазақстандық спортшы Виктория Зябкина жеңіл атлетикадан 100 метрге жүгіруден алтын медальды жеңіп алды.

Ол бұл қашықтықты 11,23 секундта жүгіріп өтті. Күміс жүлдені ямайкалық Шимайра Кристал Уильямс (11.46), қоланы – ресейлік Елена Козлова (11.47) иеленді.

Универсиадаға 95 спортшымен қатысып жатқан Қазақстан құрамасында әзірге екі алтын, үш қола медаль бар. Осыған дейін жүзуден Дмитрий Баландин – алтын, дзю-додан Жанар Қашқын, стенд атудан әйелдер мен ерлер құрамасы командалық жарыста қола медаль алған.

Кванджудағы универсиада шілденің 14-і күні аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG