Accessibility links

Назарбаев Уфаға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 маусым 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 маусым 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін БРИКС елдері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Башқұртстан астанасы Уфаға барды. Назарбаев мұнда саммитке қатысудан өзге бірқатар мемлекет басшыларымен екі жақты кездесу өткізбек.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаев мұнда Ресей және Ауғанстан президенттерімен кездеседі. Қазақстан президенті БРИКС саммитіне арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысады.

ШЫҰ саммитінденде негізінен ұйымға Үндістан, Пәкістанның, кейін Иранның қосылуы жайы талқыланбақ. Саммитке Еуразия экономикалық одағы елдерінің басшылары да шақырылған.

БРИКС бірлестігіне Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, ШЫҰ-ға Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мүше.

XS
SM
MD
LG