Accessibility links

Алматыдан 330 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 6:31-да Алматыдан солтүстікке қарай 330 километр қашықтықта 5,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, бес километр тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 11,1.

Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG