Accessibility links

Назарбаевқа Ауғанстан медалі тапсырылған


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

БРИКС елдері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Башқұртстан астанасы Уфаға барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев кездесуде Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмектер жіберіп, елде аурухана, мектептер салуға, ауған жастарын арнайы бағдарламамен Қазақстанда оқытып жәрдем танытқанын айтқан. Сонымен бірге ол Астананың алдағы уақытта да Кабулмен саяси және экономикалық әріптестікті тереңдете беруге дайын екенін мәлімдеген.

Ауғанстан президенті Ғани Қазақстан президенті Назарбаевты «Ғази Аманулла Хан» медалімен мараппаттаған.

Сонымен бірге Назарбаев Уфада Оңтүстік Африка республикасы президенті Джейкоб Зумомен, Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен, Бразилия президенті Дилма Руссефпен де кездесулер өткізген.

XS
SM
MD
LG