Accessibility links

Путин Назарбаевқа орден тапсырды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Уфада өтіп жатқан БРИКС және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиттерінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей мемлекеттік наградасы - Александр Невский орденін тапсырды.​

Назарбаевқа бұл награданы тапсыру туралы Путиннің жарлығы Ресей президентінің ресми сайтында шілденің басында жарияланған. Онда "Қазақстан президентіне орден еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" берілгені жазылған.

Путин орден тапсыру салтанатында "бұл нағыз қаһармандарға арналған награда" деген.

Назарбаев өз кезегінде Уфадағы саммитті "тарихи оқиға" деп бағалап, ШЫҰ мен БРИКС болашақта "ұлы ұйым" болатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG