Accessibility links

Қатерлі ісікті жеңген балалар жарыстан жүлделі оралды


"Жеңімпаздар ойынының" эмблемасы.
"Жеңімпаздар ойынының" эмблемасы.

Мәскеуде аяқталған жасөспірімдер арасындағы "Жеңімпаздар ойынында" Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс, бір қола медаль алды.

Бұл ойын қатерлі ісікті жеңген балалар арасында өтеді.

Қазақстаннан барған Жібек Тайжанова (футбол, алтын), Аружан Тоқан (футбол, күміс), Құралай Иманбердиева (жеңіл атлетика, күміс), Миша Нижников (футбол, күміс) және Арман Байжан (футбол, күміс) Алматыға жүлдемен оралды.​

Мәскеудегі жарысқа Қазақстаннан бөлек Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Латвия, Молдова, Хорватия, Украина, Румыния, Түркия, Үндістан, Сербия мен Ресей елдерінен қатерлі ісіктен айыққан 500-ге жуық бала қатысты.

Алғашқы балалар арасындағы мұндай олимпиада 2007 жылы Варшавада (Польша) өткен. Келесі ойындардың қашан және қайда өтетіні алдағы уақытта белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG