Accessibility links

Қарсылық шарасына қатысқан екі адамға айыппұл салды


Алматыдағы борышкерлер акциясы. 9 шілде 2015 жыл.
Алматыдағы борышкерлер акциясы. 9 шілде 2015 жыл.

Алматыда бейсенбі күні борышкерлердің наразылық акциясына қатысқан екі адамға қарсы әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынған.

Бұл туралы Азаттыққа әкімшілік жазаға тартылған «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысының жетекшісі Сұлубике Жақсылықова хабарлады.

Оның айтуынша, Алматы әкімшілік соты наразылық акциясына қатысқан Мадина Альхабуль екеуіне «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзған» деген айыппен 50 айлықтық көрсеткіш есебінде (шамамен 530 доллар) айыппұл салған. Ал төрт қатысушыға ескерту берілген. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілі Қуандық Ешімбет Азаттыққа растады.

Шілденің 9-ы күні Алматыдағы коммерциялық банк кеңсесі алдына жиналған ондаған борышкер Ұлттық банктің проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы шешімін коммерциялық банк басшылығы орындамай отыр деп наразылық білдірген. Осы шарадан бірнеше адамды полиция ұстап алып кеткен соң, наразылар Алмалы аудандық полиция басқармасы алдына барып, ұсталғандарды босатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG