Accessibility links

Универсиада: Қазақстан тағы екі алтын алды


Универсиаданың екі дүркін чемпионы Виктория Зябкина (сол жақта).

Универсиаданың екі дүркін чемпионы Виктория Зябкина (сол жақта).

Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында Қазақстан тағы екі алтынды жеңіп алды.

200 метрге жүгіруде Виктория Зябкина үздік шықты. Ол бұған дейін 9 шілдеде 100 метрге жүгіруде де чемпион атанған.

Таэквондодан 58 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрсұлтан Мамаев финалда португалиялық спортшы, биыл Бакуде өткен Еуропа ойындарының чемпионы Руи Ревелоны ұтып универсиада жеңімпазы атанды.

Жарысқа 95 спортшы апарған Қазақстан әзірше төрт алтын және төрт қола жүлдемен жалпы есепте 10-орында тұр. Бұдан бір күн бұрын Қазақстан жалпы есепте 20-орында тұрған еді.

Жазғы универсиада 14 шілдеде аяқталады.

XS
SM
MD
LG