Accessibility links

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды


Ақтау қаласының жаңа тағайындалған әкімі Серікбай Тұрымов.

Ақтау қаласының жаңа тағайындалған әкімі Серікбай Тұрымов.

Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин өз еркімен жұмыстан кетті. Оның орнына бұған дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарған Серікбай Тұрымов тағайындалды.

«Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен Ақтау қаласы мәслихаты депутаттары ұсынысы бойынша Ақтау қаласы әкімі болып Серікбай Тұрымов тағайындалды» делінген Маңғыстау облысы әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.

51 жастағы Серікбай Тұрымов Жаңаөзен қаласы әкімі болып 2012 жылы ақпанда тағайындалған еді. Енді оның орнына Жаңаөзен әкімі болып Маңғыстау облысы Мұнайлы аудани әкімі болған Елубай Әбілов тағайындалған.

XS
SM
MD
LG