Accessibility links

Иранмен келіссөз демалыс күндері жалғасады


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф (оң жақта) пен Иран атом энергиясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи келіссөздер өтіп жатқан Palais Coburg қонақ үйі балконында тұр. Вена, 10 шілде 2015 жыл.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф (оң жақта) пен Иран атом энергиясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи келіссөздер өтіп жатқан Palais Coburg қонақ үйі балконында тұр. Вена, 10 шілде 2015 жыл.

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Тегеран мен әлемдік алты держава арасында Венада өтіп жатқан келіссөздер демалыс күндері жалғасады.

Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Венадағы келіссөздерге қатысты: «Менің ойымша, біз қалған мәселелердің кейбірін шешіп біршама прогресс жасадық» деп мәлімдеген.

Бірақ, келіссөздерде «біршама прогресс болғанымен біз әлі діттеген жерге жеткен жоқпыз» деген Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф «бұл демалыс күндерін Венада өткізетін сыңайлымыз» деп айтқан.

Сонымен бірге Зариф «алтылық» елдері қатарынан кейбір әріптестерін «келіссөздер барысында ұстанымдарын өзгертіп, қысым жасау тактикасын қолданды» деп айыптаған.

Еуропа одағының өкілдері «Иранның ядролық бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімге арналған шешімге қол жеткізу мақсатында өтіп жатқан келіссөздерге кеңірек уақыт беру үшін» Тегеранға қарсы санкцияларға мораторий шілденің 13-іне дейін созылғаны туралы мәлімдеген.

Венадағы келіссөздерде Иран және алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен Германия Тегеранның түпкілікті келісім жасауға ұсынған шарттарын қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG