Accessibility links

Ресейлік сарбаздар Украинаға барудан бас тартқан


Ресейдің Украинамен шектесетін Ростов облысындағы әскери жаттығу полигоны. 23 мамыр 2015 жыл.
Ресейдің Украинамен шектесетін Ростов облысындағы әскери жаттығу полигоны. 23 мамыр 2015 жыл.

Ресейдегі «Майкоп барлау бригадасы» деген атаумен белгілі 33-жеке мотоатқыштар бригадасының 22179-әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет атқаратын ондаған әскери қызметкер Украинадағы әскери операцияларға бармас үшін Ростовтағы полигоннан қашып кеткен. Үстілерінен қылмыстық іс қозғалған оларға әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткені үшін он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін деп хабарлайды қашқан сарбаздар мен олардың туған-туыстарына сілтеме жасаған «Газета.Ру» сайты. Басылым ақпаратында әскерилерге Донбасқа «ерікті» ретінде бару туралы ұсыныстар жасалғаны айтылған.

Бұған дейін Ресейде әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткені үшін Анатолий Кудрин деген 23 жастағы қатардағы сарбаз сот үкімімен жарты жыл мерзімге, жазасын қоныстандыру колониясында өтеуге кесілген деп жазады басылым. Тағы екі әскери қызметкер абақтыда отыр, ал келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген бірнеше адам полигонды өз бетімен тастап кеткені үшін тергеуде екені айтылған.

Қолда бар деректер бойынша, қазіргі кезде бірнеше ондаған адам тергеуге алынған. Оларға «әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен» және «дезертир» деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG