Accessibility links

Вера Кобалия «Астана ЭКСПО - 2017» басшылығынан кетті


Грузияның бұрынғы экономика министрі Вера Кобалия. 7 қараша 2011 жыл.

Грузияның бұрынғы экономика министрі Вера Кобалия. 7 қараша 2011 жыл.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Вера Кобалия жұмыстан кетті деп хабарлады бүгін Қазақпарат.

Грузияның бұрынғы экономика және даму министрі Вера Кобалия бұл қызметке биыл наурыз айында шақырылған еді.

Өткен айда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағалығынан Талғат Ермегияевты босатып, бұл қызметті қоса атқаруды Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке жүктеген.

Қызметтен босаған соң үйқамаққа алынған Талғат Ермегияев пен компанияда басшылық жұмыс істеген тағы бірнеше адамға «өте ірі көлемде қаржы жымқырған» деген айыптар тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG