Accessibility links

MH17 апатын тергеу бітуге таяғаны хабарланды


Украинаның Донецк облысындағы Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлаған жер.

Украинаның Донецк облысындағы Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлаған жер.

Украинаның шығысына құлаған жолаушылар ұшағы апатына кінәлілердің есімдері жақын уақытта айтылатын болады деп мәлімдеді Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак. Бұл туралы кеше Куала-Лумпурда ұшақ апатының бір жылдығына байланысты өткізілген қаралы рәсімде айтқан Разактың сөзінше, тергеу жұмыстары «аяқталуға жақын» қалған.

2014 жылы шілденің 17-і күні Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы Украинаның Донецк облысындағы Торез қаласы маңына құлап, ұшақта болған 298 адам түгел қаза тапқан.

Ұшақ апатына қатысты тергеу жүргізген елдер, Австралия, Бельгия, Нидерланд және Украина апатқа кінәлілерді анықтап, сотқа тарту үшін БҰҰ аясында арнайы халықаралық трибунал құру қажет деп санайды.

Шілденің 9-ы күні Ресей ондай трибунал құруға қарсы екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG