Accessibility links

Каирде Италия консулдығы қасында жарылыс болды


Өртенген көлік қаңқасының қасында тұрған полиция өкілі. Каир, 29 маусым 2015 жыл.
Өртенген көлік қаңқасының қасында тұрған полиция өкілі. Каир, 29 маусым 2015 жыл.

Египет астанасы Каирде бүгін Италия консулдығы маңында болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде бес кісі жараланған. Зардап шеккендердің екеуі полиция өкілдері деп хабарланды.

Жарылыстың себептері анықталып жатыр. Қауіпсіздік күштері офицерлерінің бірінің айтуынша, жарылғыш зат орнатылған автокөлікте жарылыс болған.

Алдын ала есептеу бойынша, жарылыстан консулдық ғимараты қатты зақымдалған.

XS
SM
MD
LG