Accessibility links

СҚО-да уланған бала саны 72-ге жеткен


Солтүстік Қазақстан облысының картасы.

Солтүстік Қазақстан облысының картасы.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» сауықтыру лагерінде әлденеден уланған балалар саны 72-ге жетті деп хабарлады «Қазақстан жаңалықтары».

Бұл ақпаратты облыс орталығы Петропавлдағы 3-қалалық аурухананың жұқпалы дерттер бөлімі де растаған. Бұның алдында лагерьден емдеу мекемесіне 60 науқас бала жеткізілгені туралы хабарланған.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментiнің дерегі бойынша, жұма күні Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» сауықтыру лагерінен жеткізілген балаларға ішек инфекциясы жұққан деген диагноз қойылып, олар 3-қалалық ауруханаға жатқызылған. Лагерьде болған 156 баланың барлығы төтенше оқиғадан соң ол жерден шығарылған.

Қазір лагерьде дәрігерлер, прокуратура, полиция және тұтынушылар құқығын қорғау департменті өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG