Accessibility links

АІ: Қытайда ондаған құқыққорғаушы ұсталған


Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңы маңында тұрған қытай полицейлері. 3 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңы маңында тұрған қытай полицейлері. 3 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайда соңғы екі тәулікте ондаған құқыққорғаушы заңгерлер мен белсенділерді полиция ұстағаны немесе хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат тарады.

Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымының мәліметі бойынша, хабарсыз кеткен белсенділердің кейбіреулерін полицейлер, кей жағдайларда белгісіз адамдар беймәлім жаққа алып кеткен.

Сенбінің кешінде Қытай билігі тұтқындалған адвокаттарды «ірі қылмыстық топтың мүшелері» деп сипаттап, оларға «қоғамдық тәртіпті бұзған» деген айыптар тағылып отырғаны туралы мәлімдеген.

Amnesty International ұйымы биліктің бұл іс-әрекеті жақында Қытайда ұлттық қауіпсіздік туралы заңнаманың қатаюымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады.

Жаңа заңда егемендікті қорғау саласында мемлекеттің өкілеттігі кеңейтілген, мысалы, «зиянды мәдениет ықпалынан» және «дінді жамылып жүргізілетін қылмыстық іс-әрекеттен» қорғанысты күшейту көзделген.

XS
SM
MD
LG