Accessibility links

СҚО-да тағы бір лагерьде балалар жаппай уланған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Заря» сауықтыру лагерінде балалар жаппай уланған деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Бүгін таңертең лагерьден ауруханаға жеткізілген 7-17 жас шамасы аралығындағы 20 бала құсып, іштері өткеніне шағым айтқан. Оларға «астан уланған» деген алдын ала диагноз қойылған.

Жеке меншікке қарасты «Заря» сауықтыру лагерінде биыл екінші маусымда Астана мен Көкшетаудан барған 54 бала болған деп хабарлайды «Интерфакс».

Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы балалар лагерлерінде тіркелген осымен екінші жаппай улану оқиғасы. Бұның алдында жұма күні Қызылжар ауданындағы «Серебрянный бор» сауықтыру лагерінде 80-нен аса бала уланып, Петропавл ауруханасына жеткізілген. Олардың 72-і дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG