Accessibility links

Байқоңырда ғарыш экспедициясының ту көтеру рәсімі өтті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Байқоңырда «Союз ТМА-17М» басқарылатын жүк кемесінің негізгі және қосалқы құрамдарының мүшелері ғарышға ұшуға дайындалып жатыр. Бүгін таңертең дәстүрлі шара – ғарыштық бағдарламаға қатысушы мемлекеттер – АҚШ, Жапония, Ресей және Қазақстан елдерінің туларын көтеру рәсімі өтті деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Ту көтеру рәсімі әдетте ғарышқа ұшуға дайындықтың соңғы кезеңі басталғанын білдіреді. Экипаждардың жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты, бұл шара олар осында ұшып келген күні емес, ғарышкерлердің «Союз» кемесіндегі алғашқы жаттығуынан соң ертесінде өткізіліп отырғаны айтылады.

Ту көтеру салтанатына «Союз ТМА-17М» басқарылатын жүк кемесінің негізгі экипажы мүшелері – «Роскосмос» (Ресей) ғарышкері Олег Кононенко, JAXA (Жапония) астронавты Кимия Юи, NASA (АҚШ) астронавты Челл Линдгрен, сонымен бірге қосалқы экипаж құрамы – ресейлік Юрий Маленченко, АҚШ азаматы Тимоти Копра және Еуропа ғарыш агенттігі астронавты, британдық Тимоти Пик қатысқан.

«Союз ТМА-17М» басқарылатын жүк кемесі «Союз-ФГ» зымыран-тасығышының көмегімен ғарышқа шілденің 24-іне қараған түні ұшырылады деп жоспарланған. Оның экипажы ғарышта желтоқсан айына дейін жұмыс істемек.

XS
SM
MD
LG