Accessibility links

Универсиада: Қазақстан алтыншы алтын алды


Кванджу универсиадасы талисманы.

Кванджу универсиадасы талисманы.

Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары бүгін тағы бір алтын жүлде ұтып алған.

Бұл жолы төрт мәрте жүз метрлік эстафета жарысынан қазақстандық Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина төрттігі 44.28 секунд көрсеткішпен өзгелерден озып жеңімпаз атанған.

Осы кезге дейін алты алтын және төрт қола медаль жиған Қазақстан құрамасы қазір жарыстың жалпы есебінде 10-орында тұр.

Жазғы универсиада 14 шілде күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG