Accessibility links

Бішкек пен Дели бірлескен әскери жаттығу туралы келісті


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді қарсы алып тұр. Бішкек, 12 шілде 2015 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді қарсы алып тұр. Бішкек, 12 шілде 2015 жыл.

Қырғызстан мен Үндістан жыл сайын тұрақты түрде бірлескен әскери жаттығулар өткізіп отырмақ. Бұл туралы Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди арасында өткізген келіссөздер қорытындысы бойынша жасалған екіжақты әскери-техникалық әріптестік туралы келісімге бүгін қол қойылған.

Үнді премьерінің сөзінше, әскери-техникалық әріптестік деген тек «жаттығу өткізумен ғана шектелмей» екі мемлекет арасында «тәжірибе мен технологиялар алмасу және кадр дайындауды білдіреді».

Қырғызстанға дейін Орталық Азия елдеріне алты күндік сапары барысында Үндістан премьер-министрі Өзбекстан, Қазақстан мен Түркіменстанда болған. Бішкектен сол Моди Тәжікстан астанасы Душанбеге барады.

XS
SM
MD
LG