Accessibility links

Грекияға қатысты ЕО саммиті кейінге қалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Брюссельде бүгін өтеді деп жоспарланған Еуропа одағы елдерінің саммиті кейінге қалды. Оған кезекті рет халықаралық қаржылай жәрдем алуға ниет білдірген Грекия делегациясымен келіссөздердің «өте қиын» өтіп жатқаны себеп болып отырғаны айтылады.

Сенбі күні нәтижесіз аяқталған Еуротоп (еуро аймағы елдері қаржы министрлерінен тұрады) келіссөздері бүгін Брюссельде жалғасады деп мәлімдеген Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск.

Егер ортақ келісімге қол жетпесе, ортақ валюта ретінде еуроны пайдаланатын 19 елді біріктірген қаржы аймағынан Грекияның шығу қаупі бар дейді сарапшылар.

ВВС Еуропа одағы елдері басшылары саммитінің мұншалықты қысқа мерзімде күнібұрын жарияланған уақытынан өзге мерзімге қалуы осы кезге дейін өте сирек кездесетін жайт болғанын хабарлайды.

Еуро аймағы қаржы министрлерінің сенбі күні ұзаққа созылған келіссөздері нәтижесіз аяқталған еді. Келіссөздердің «өте күрделі» болғанын айтқан Еуротоп жетекшісі Йерун Дейсселблум журналистерге «әйткенмен ол жалғасып жатыр» деген.

XS
SM
MD
LG