Accessibility links

Уимблдон-2015: Джокович пен Уильямс жеңімпаз атанды


Серена Уильямс Уимблдон кубогымен. Лондон. 11 шілде 2015 жыл.
Серена Уильямс Уимблдон кубогымен. Лондон. 11 шілде 2015 жыл.

Әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович төрт сетке созылған финалда швейцариялық әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерерді жеңді - 7-6, 6-7, 6-4, 6-3.

Бұл екі теннисші былтыр Уимблдон финалында да кездескен. Ол жолғы матч бес сетке жалғасып, Джокович жеңіске жеткен еді.

Әйелдер арасындағы жарыста әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямс финалда испаниялық Гарбине Мугурусаны 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Уильямс өз карьерасында алтыншы рет Уимблдон жарысында ұтты.

Қазақстан теннисшілері арасынан Зарина Дияс Уимблдонның төртінші кезеңіне дейін жетіп, ресейлік Мария Шараповадан жеңілген. Ал Шарапова жартылай финалда Серена Уильямстан ұтылып қалған.​

Уимблдон – теннистен әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт турнирдің бірі. Лондонда өткен жарыстың жүлде қоры 26 миллион 750 мың фунт стерлингті құрайды.

XS
SM
MD
LG