Accessibility links

Малала қаржыны "оққа емес, кітапқа салуға" шақырды


Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай.

Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай.

Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай Ливандағы босқындар лагеріне барып, ондағы сириялықтардың жағдайымен танысып, өзінің 18 жасқа толуын атап өтті.

Босқындар лагерінде ол әлем елдерінің басшыларын қаржыны соғысқа емес, білімге жұмсауға шақырды.

"Үлкен өмірге аяқ басқан сәтімде бүкіл әлем балаларының атынан әлемдік көшбасшылардан қаржыны оққа емес, кітапқа бөлуді талап етемін" деді Малала.

Оның айтуынша "сириялық босқындардың дауысын ешкім естіп жатқан жоқ". Сондықтан ол Ливандағы лагерьге сириялықтардың мәселесін әлем халқына жеткізу үшін келгенін айтты.

Пәкістандық қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін 2012 жылы Пәкістанда "Талибан" жасақтары қастандығынан аман қалған Малала қазір Ұлыбританияда тұрып жатыр. Ол 2014 жылы үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхимен бірге Нобель бейбітшілік сыйлығын алған.

XS
SM
MD
LG