Accessibility links

Уимблдон жарысынан кейін жарияланған WTA рейтингінде Зарина Дияс 34-орыннан 33-орынға көтерілді.

Ал тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 21 саты жоғарылап, 74-орынға шықты. Ол осы аптада Францияның Контрексвиль қаласындағы ITF турнирінің финалына дейін жетіп, румыниялық Александра Дулгеруден жеңілген.

Уимблдон жарысының бірінші кезеңінде жеңілген Ярослава Шведова 79-орыннан 109-орынға түсті.

Әлемдік рейтингте америкалық Серена Уильямс бірінші, ресейлік Мария Шарапова екінші, румыниялық Симоне Халеп үшінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG