Accessibility links

Экс-премьер Серік Ахметовтің ісі сотқа тапсырылды


Серік Ахметов.

Серік Ахметов.

Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр, бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовке, облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігі мен коммерциялық ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс материалдарын тексеру аяқтағанын хабарлады.

Барлығы 21 адамға қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты айыптар тағылған.

13 шілдеде бұл іс Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

2014 жылы 19 қарашада мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес істері жөніндегі агенттік Серік Ахметовты үйқамаққа алды.

Оған пара алды, ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, қызмет өкілетін асыра пайдаланды, заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптар тағылған.

Серік Ахметов премьерліктен кейін қорғаныс министрі болған.

XS
SM
MD
LG