Accessibility links

ШҚО-да бір әскери қызметкер сотталды


Аягөздегі әскери соттың шешім шығарған сәті.

Аягөздегі әскери соттың шешім шығарған сәті.

Шығыс Қазақстан облыстық әскери соты Аягөз гарнизонының әскери қызметкері "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Әскери соттың мәлімдеуінше, Аягөздегі 10810 әскери бөлімшесі екінші ротасының сержанты өз қарауындағы қатардағы солдатты соғып, жеңіл жарақат салған.

Сот шешімінің оқылуына бүкіл гарнизондағы әскерилер қатысқан. Сот шешімі алдағы күндері күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG