Accessibility links

Венада Иран келіссөзі бүгін де жалғасты


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келіссөз кезінде. Вена, 13 шілде 2015 жыл.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келіссөз кезінде. Вена, 13 шілде 2015 жыл.

Иран мен әлемдік алты ел дипломаттары Венада Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзді 13 шілде күні де жалғастырды. Тараптар Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, халықаралық санкцияларды жұмсартуды көздейтін түпкілікті келісім жасауға тырысып жатыр.

Дипломаттар келісім жасасуға жақын қалғандарын айтқанымен, түпкілікті келісім жасалатынына кепілдік жоғын да ескертті.

Иран сыртқы істер министрі орынбасары Аббас Аракчи 13 шілдеде "қалған мәселелер бүгін түнде немесе ертеңге дейін шешілетініне" уәде бере алмайтынын айтты.

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Хассан Роухани 12 шілдеде тараптар келісім жасауға "таяп қалғанын" айтқанын хабарлаған.

Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия сыртқы істер министрлері бүгін Венада болады деп күтіліп отыр.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасасу мерзімі осымен үшінші рет ұзартылған. 12 шілдеде Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф 13 шілдеден кейін келісім жасасу мерзімі ұзартылмайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG