Accessibility links

Румыния премьері қылмыстық істе айыпталушыға айналды


Румяниы премьер-министрі Виктор Понта.
Румяниы премьер-министрі Виктор Понта.

Румынияның коррупциямен күрес жөніндегі прокуратурасы бүгін ел премьер-министрі Виктор Понтаны 1жалған ақша жасау, салықтан жалтару және қаржы жымқыруға" қатысты қылмыстық істе айыпталушыға айналғанын мәлімдеді.

Прокурорлар осы іске байланысты премьер-министрге тиесілі активтерді де уақытша бұғаулаған.

Өткен айда басталған қылмыстық тергеу Понтаның премьер-министр болғанға дейін адвокат болып істегендегі қызметіне қатысты жүріп жатыр.

42 жастағы Виктор Понта кеше қылмыстық тергеу аяқталғанша өзі басқаратын Социал-демократиялық партия жетекшісі қызметінен кете тұратынын мәлімдеген. Бірақ ол қандай да бір қылмыстық әрекет жасағанын тағы да жоққа шығарып, президент Клаус Йоханнистың үндегеніндей премьерлік қызметінен кетпейтінін білдірді. Понтаның айтуынша, өзіне қарсы істің "саяси астары" бар.

XS
SM
MD
LG